Н.Нығматулин Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Мәжілістің баспасөз қызметі
Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде нығайту мәселелерін талқылады.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан мен Қытай басшыларының арқасында екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.

Қазақстан мен Қытай парламентшілерінің арасындағы қарым-қатынас екі елге ортақ мүдделер шеңберінде дамуда. Мәжіліс Төрағасы әріптестерінің инновациялық даму, сондай-ақ экономикалық қайта құру реформаларын заңнамалық қолдау тәжірибесі қызығушылық тудырып отырғанын жеткізді.

Нұрлан Нығматулин "Nur Otan" партиясы фракциясының жетекшісі ретінде Мәжіліс депутаттары-фракция мүшелерінің қытайлық әріптестерімен байланысты кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы мен Чжан Сяо 2019 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне Жалпықытайлық халық өкілдері делегациясының қатысу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, осы уақытта Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудің Қазақстанға ресми сапары жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы