Nur Otan-да тағайындаулар: Оспанқұлов - хатшы, Өскенбаев - аппарат басшысы болды

ibirzha.kz
Әнуар Өскенбаев партияның Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Әнуар Өскенбаев партияның Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

"Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның Аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының қайта жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін", – деп жазды Б.Байбек өзінің twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, Ғабидолла Оспанқұлов "Nur Otan"-ның Хатшысы болып тағайындалды.

Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов "Nur Otan"-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі «Nur Otan»-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін, - делінеді Байбектің жазбасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды