Талас ауданында ағымдағы жылдың 4 айында "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 115 млн. 900 мың тенгеге 27 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиевтің қатысуымен өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды "ZhambylNews" Ақпараттық Агенттігі.
2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2281 субъектісі тіркелген, олардың 147 шағын кәсіпорын, 1339 жеке кәсіпкер және 795 шаруа қожалықтар. Осы тіркелген субъектілердің 1940 немесе 85,0 пайызы жұмыс істейді.
- Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының 20,0 млн тенге бөлінді.Облыстан биылғы жастар жылына орай грантқа 303,0 млн тенге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар жасалуда, - дейді аудан басшысы.
Айтуынша, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша несие алушылардың тізімі ауылшаруашылық қаржы институттарына 229,0 млн. теңгенің 52 жобасы жолданған.
- Жобаларады саламен талдайтын болсақ өңдеу саласы 23,0 млн тенге 3 жоба, қызмет көрсету саласы 9,0 млн тенге 3 жоба, құс шаруашылығы 2,0 млн тенге 1 жоба, мал шаруашылығы 195,0 млн тенге 45 жоба, - дейді Досмаханбет Алиев.