БҚО-да жастар саясатындағы маңызды трендтер тақырыбы талқыланды

"Bolashaq" Қауымдастығы
"Bolashaq" Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды.

"Bolashaq" Қауымдастығы Орал қаласында "Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы" жобасы шеңберінде кезекті жұмысын бастады.

Шараға арнайы спикерлер шақырылып, қатысушы жастарға шеберлік сабағы ұйымдастырылды. "Қазақстан жастары конгресі" ЗТБ атқарушы директоры Нұрлан Өтешов "Жастар саясатының маңызды трендтері" тақырыбында өз тәжірибесін бөлісті.

- "Bolashaq" Қауымдастығы тек шетелде оқыған жастарға ғана иек артпай, еліміздегі барлық жастардың бірлігіне ұйытқы болып, маңызды жобаларды қолға алып отыр. Бүгінгі Орал қаласындағы жиынға әр өңірден көшбасшы жастардың келгені қуантады. "Нетворкинг" ұғымы жастарға өте жақын. Неге десеңіз, жастар бір-бірімен пікір алмасып, байланыс орната алатын, ойларын ашық жеткізіп, идея алмасатын алаң болғанын қалайды, - дейді Нұрлан Өтешов.

Спикер өз кезегінде адамзаттың ойлану процесіне байланысты жаңа трендтер мен өзгерістер тұрғысында ой өрбітті.

- Бүгін жастарды жаңа бір ұғыммен таныстыруға тырыстым. Ол "Спиральді динамика" деп аталады. Онда күнделікті өмірде біз қандай ойлану түрін пайдаланатынымыз айтылып, Жастар жылына арналған Жол картасына назар аударылды, ондағы әр шара қандай ойлану түрімен жасалғандығы жайында талқыланды. Бұл дәріс жастардың алдағы уақытта өз тәжірибесін жүзеге асыруға зор пайдасын береді деп ойлаймын, - дейді Нұрлан Өтешов.

Сонымен қатар белсенді жастар шараның тиімділігі мен өзектілігі жайында сөз қозғады. Олардың ойынша, мұндай шаралар жастарға жаңа орта қалыптастырып, тың жобаларды қолға алуға үлкен серпін береді.

Айта кетсек, "Bolashaq" Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді