"Nur Otan" партиясының филиалы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырады

Халықтан түскен 5204 арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің 2148 – әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша.

Түркістанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты актив отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жолдауында айқындалған бағыттар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Өңір басшысынан кейін сөз алған "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жергілікті атқарушы органдардағы партия мүшелеріне мәселені жасырғаннан гөрі жедел шешкен тиімді екенін айтты.

- Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайдың төмендігі, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері өте өзекті. Партия филиалы бірінші кезекте осы бағыттағы проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін жергілікті әкімдіктермен, тиісті басқармалармен жоспар түзіп, жүргізетін болады. Президенттің Жолдауда айтқан барлық елдің өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру үшін екі бағытта жұмыс жүргіземіз, - деп атап өтті.

Атап өтейік, Түркістан облысы бойынша Президенттің Жолдауда айтқан халықтың өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру екі бағытта жүргізілмек. Ең алдымен, партия филиалының Қоғамдық қабылдау кеңсесі Түркістан қаласындағы халық ең жиі шоғырланған Алматы арбатындағы ғимаратта "Open space" форматына көшсе, екіншіден барлық лауазым иелерінің қабылдауларын әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жүргізу қолға алынбақ.

Сонымен қатар, актив жиналысында партия филиалы Жолдауды халыққа тиімді етіп насихаттау үшін ескі форматтағы көптеген жиналыстарды тоқтатып, елдегі шешімін таппаған мәселелерге жауапты өкілдерді алып, елдің ортасына шығуды ұсынды. Атап айтқанда, кәсіпорын ауласында, базарларда, алаңдарда, саябақтарда, егістік алқаптарында, фермаларда ашық аспан аясында галстуксыз кездесулер өткізу қажет. Ал тұрғындар сала мамандарына тікелей сауал қойып, жауабын алу керек.

Жалпы, жыл басынан бері "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 5204 арыз-шағым түскен. Оның 2747-сі оңтайлы шешіліп, 2289 өтінішке заң аясында кеңестер берілген. 168 өтініш бүгінде қаралу үстінде.

Халықтан түскен 5204 арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің 2148 – әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша; 1629– тұрғын үйге және жерге мұқтаждық бойынша; 454– жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселесі. Шағымдарды аймақтарға бөлгенде Келес, Ордабасы, Жетісай аудандары көш бастап тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: