Қазақстан машина жасаушыларының VII форумында Жолдаудағы тапсырмалар талқылануда

Пішембаевтың айтуынша, Машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасында ҚР Президентінің Жолдауының көрсетілген тармақтарын іске асыру шаралары бар.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында машина жасау саласын дамыту туралы, сондай-ақ, осы күндері өткізіліп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы жайында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

2019 жылғы 12-13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Экспо Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтіп жатыр. Оған Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай және т. б. секілді әлемнің 20-дан астам елінен келген мыңнан астам шетелдік делегаттар қатысуда.

Форумда жаңа заман талабы жағдайында саланы дамытудың стратегиялық бағыттары, импорт алмастыру, өндірісті ынталандыру, жас мамандардың мәртебесін арттыру, цифрландыру жағдайында жаңа тәсілдерді талқылау секілді маңызды және өзекті тақырыптар талқыланады.

"Бүгін ҚР машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын, саланы цифрландыру, біздің саланың бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелерін талқылау жөніндегі панельдік сессиялар өтіп жатыр", — деді Пішембаев.

Форум жұмысы барысында ол мемлекет пен бизнестің, шетелдік серіктестерің нақты диалог алаңына айналды. Форум қазақстандық кәсіпкерлерге инвесторлар тауып, машина жасау жақсы дамыған елдердің жоғары технологияларын тартуға мүмкіндік береді.

Биылғы Форумның ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылын назарға ала отырып, негізгі іс-шаралардың жастар әлеуетін дамытуға арналуымен негізделеді. Атап айтқанда мыналар өткізіледі: студенттер үшін дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, жас мамандарға арналған көпшілік алдында сөйлесу (public talk), оқушылар арасында роботты техника бойынша конкурс.

Ертең Форум аясында 9 секциясы бойынша отырыстар өтеді.

"Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек өнімділігін кем дегенде 1,7 есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, жоғары өнімді орта бизнесті қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Пішембаевтың айтуынша, Машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасында ҚР Президентінің Жолдауының көрсетілген тармақтарын іске асыру шаралары бар.

"Жол картасы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, экспорттық әлеуетті ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әзірленді", — деді ол.

Егер 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы өнеркәсібінің өсімі 4,1% құраса, онда аталған кезеңде машина жасау өндірісі көлемінің өсімі 14,1% құрады, ақшалай мәнінде рекордтық 1,1 трлн теңгені құрады. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемінің өсімі 18% құрады.

"Дегенмен біз осы қол жеткізілген деңгейде тоқтап қалмаймыз. Бізде импортты алмастыру, мұнай-газ жабдықттарын өндіруді ұйымдастыру бойынша үлкен міндеттер алға қойылған. Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда ауқымды жұмысты атқару қажет, оның көрсеткіштерін біз 5 жылда кем дегенде 2-3 есеге көтеруіміз керек. Біз шаруаларды өндіріс құралдарымен – комбайндар, тракторлар, егіс кешендерімен қамтамасыз етуіміз қажет", — деді Пішембаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: