Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады

Хабар 24
Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысып келген ылғалды ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде қатты жел тұрып, жаңбыр жаууына себепші болады.

Синоптиктер 14-16 қыркүйек күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқындайды деп болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Еліміздің оңтүстігіне бұлтты құйын жылжып келеді. Соған байланысты оңтүстік өңірдің кей жерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.

Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысып келген ылғалды ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде қатты жел тұрып, жаңбыр жаууына себепші болады. Ал Қазақстанның шығысында үсік жүріп, ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі ықтимал", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты