Магнитті дауыл! Ғалымдар ертең адамдарға көп су ішуге кеңес берді

Хабар 24
Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді.

28 және 29 қыркүйек күндері Жер бетінен G1 және G2 санаттарына жататын магниттік дауыл өтеді. Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді, деп хабарлайды Хабар 24 iz.ru басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді. Магниттік дауыл денсаулығы ауа-райына тәуелді адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Жер тұрғындарының 10-15%-ы геомагниттік белсенділікке төзімсіз келеді, - дейді ғалымдар. Ал магниттік толқынның әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор екен.

Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді. Сондай-ақ ұйқының бұзылуы, тітіркену мен әлсіздіктің болуы мүмкін екенін және оның магниттік дауыл аяқталғаннан кейін қалпына келетінін ескертеді. Тітіркену жағдайлары орын алған кезде шай мен тыныштандырғыш дәрілер көмектеседі.

Осыған дейін магниттік дауыл биыл мамыр айында тіркелген. Ғалымдардың айтуынша, Жер бетінде мұндай дауылдар 10-20 жылда бір рет болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті