Ақордада митинг туралы заң талқыланды

Ақорда
Жиында қаралған негізі мәселе митинг туралы қолданыстағы заңды жетілдіру болды.

Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарына сәйкес алғашқы жиын өтті, деп хабарлайды Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин.

Жиында қаралған негізі мәселе митинг туралы қолданыстағы заңды жетілдіру болды.

Мемлекет басшысы жолдауда және кеңестің алғашқы отырысында осы жайтқа баса назар аударған еді. Жиынға қатысушылар бірауыздан заңға өзгеріс енгізетін уақыт жеткенін, сондай-ақ бұқаралық сипаттағы іс-шараларды түрлеріне қарай жіктеп, бейбіт басқосуларды өткізуге рұқсат беру үрдісін жеңілдету керектігін айтты.

Жиын соңында ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ортаға тасталған барлық ұсыныс мен ұстанымдарды жинақтау туралы тапсырма берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді