"Күңіреніп...". Головкинге көрермендердің мінез көрсеткен видеосы жарияланды

видеодан алынды
Головкин жекпе-жегінің тарихында бірінші рет көрермендер мінез көрсетті. Видеосын төменнен көруге болады.

Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасындағы көрермендерге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі ұнамады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин украиндық Сергей Деревянченконы ұтып, осылайша орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бірақ жанкүйерлер мұнымен келіспеді. Геннадий жекпе-жектен кейін бірден сұхбат бергенде наразы жанкүйерлер жер текпілеп, ысқыра бастады. Мұндайға Головкин кәсіби мансабында алғаш рет тап болды. Әдетте жұртшылық GGG туралы әрдайым жағымды пікірде болатын. Ал Деревянченко сөз алғанда, спортсүйер қауым оны қошеметпен, көтермелеп жағымды эмоция білдірді.

Видеоны төменнен көруге болады.

Головкин жекпе-жектен кейін кез келген боксшымен кездесуге дайын екенін мәлімдеген, әсіресе ол мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырық түйістіруді армандайды.

Оқи отиырыңыз: Головкиннен жеңілген Деревянченко ел күтпеген мәлімдеме жасады

Айта кетсек, Сергей Деревяченко Головкинмен жекпе-жектен соң ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол өзін қазақстандық боксшыдан жеңілген жоқпын деп санайды. Сондықтан украин бокшысы Головкинмен қайта бір рингке шығудан үмітті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты