Жастар саясаты басқармасының бас маманы Асқар сотталды

zakon.kz
Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының қызметкері және қоғамдық бірлестіктердің бірқатар өкілдері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысы жастар саясаты басқармасы" КММ бас маманы Қ.М.Асқарға, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Б.Н.Әнуарбек, А.А.Исин, Е.Б.Нұрахмет пен Ш.К.Жүсіповке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар алаяқтық жасап, жалған шарттар мен есеп беру құжаттарын дайындау және пайдалану арқылы "Жасыл ел" еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген 1 416 954 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды.

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Көкшетау қалалық сотының үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып сотталды:

- К.М.Асқарға – мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырумен 14 169 540 теңге сомасында айыппұл салынды;

- Б.Н.Әнуарбек, А.А.Исин, Е.Б.Нұрахмет және Ш.К.Жүсіпов – 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы