Ол – судья емес. Масқара видеоны тексеру аяқталды

hitech.vesti.ru
Сот-медициналық сараптама жүргізілді.

Павлодар облысының полициясы WhatsApp-та тарап кеткен даулы видеоға қатысты тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында порнографиялық видеодағы қарнында тыртығы бар адамның кім екенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізді.

- Павлодар облыстық Сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес, Әкетай М.А.-ға жүргізілген сот-медициналық куәландыру ұзын тыртықтар немесе хирургиялық ота іздерін таппады, - деді полиция.

2 қазанда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы полиция бөліміне келіп, whatsapp мессенджері арқылы таратылған порнографиялық видеоны шығарған және таратқан белгісіз тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапқа тарту туралы арыз берді. ҚР ҚК 130-бабы, 3-бөлігі және 274-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды