Үйсіз-күйсіз 28 жастағы жігіт ұрлық жолына түсіп, ұсталып қалды

sochinews.io
Күдікті - Алакөл ауданының тұрғыны.

Алматы облысының орталығында бірқатар қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген 28 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта оған кісі тонау дерегі мен 13 пәтер ұрлығына қатысы бар деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің Алакөл ауданының тұрғыны екені және өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін оның 1 жылға бостандығының шектелгені анықталды.

"Арнайы іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Оның 58 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынынан ұялы телефонын тартып алғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде оның 13 пәтер ұрлығын жасағаны дәлелденді", - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат қазіргі уақытта Талдықорған қаласы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің қолды қылған заттарын сатып алушыларды да анықтау жұмыстарын жүргізуде. Күдікті сатып жіберген заттар сатып алушылардан тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелуде. Тергеу барысында сатып алушылардың да жауапкершілігі қарастырылатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған