Қостанайда Жер қатынастары бөлімінің басшысы пара үшін сотталды

zakon.kz
Ол Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін пара алған.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы С.М. Сыздықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында (бұрын келісілгеннен - 1 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі