Мемлекет басшысы "Ардагерлер туралы" Заң жобасымен танысты

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" Заңды тиянақты дайындауды тапсырды.

Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, "Медиация туралы" Заңға сәйкес қолға алынған "Дәнекер" жобасы бойынша жасалған шаралар жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар "Ардагерлер ұйымы" мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары жайында айтылды.

Қазақстан Президентіне Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75-жылдық мерекесіне әзірлік барысы, "Ардагерлер туралы" Заңның жобасы туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" Заңды тиянақты дайындауды, Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерге ардагерлер белсенді араласып, елдегі қолға алынған реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі