Алматыда сот судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Zakon.kz/Максим Золотухин
Судья А.Штейнке 10 мың доллары пара алу кезінде алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін сотталды.

2019 жылы 23 қазанда Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы А.Штейнке 10 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алу кезінде алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін қалалық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен 3,6 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы Сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.

Бұған дейін, 2019 жылдың 23 шілдесінде, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен А.Штейнке ақталған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы