АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қаржыландыратын "Golden West" үкіметтік емес ұйым оқ-дәрілерді залалсыздандыру бойынша жедел ден қою жасағы американдық сарапшылар тобы Арыс қ. төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды бағалауды жүргізді.
Сарапшылар комиссиясының мүшелері оқ-дәрілер фрагменттерін жоюарапшылар комиссиясының мүшелері оқ-дәрілер фрагменттерін жою жатқан әскери бөлімнің техникалық аумағы мен арнайы полигонды тексере отырып, бірнеше күн өткізді.
"Голден Уэст" оқ-дәрілерді залалсыздандыру бойынша жедел ден қою жасағының мүшесі Марк Тобайос "әскери қызметшілер не істеп жатқандарын білетінін атап өтті. Мұнда өткізіліп жатқан жұмыс маған ауқымды болып көрінеді. Мен әртүрлі елдерде жергілікті жерді қауіпті жарылғыш заттардан тазарту жөніндегі операцияларға көп рет қатыстым. Бұл жерде пайдаланылып жатқан әдіснама өте дұрыс, тиянақты және барынша қауіпсіз екенін айта аламын. Жарылғыш қаупінің шәкілі, метал үлгісі бойынша сұрыптау анағұрлым қауіптілер фрагментінен қауіпсіздірек - бұның барлығы тиянақты жасалуда".
Одан басқа, ол қаланың аумағын тазарту және қала тұрғындарының үйге оралудың жоғары жылдамдығы жөніндегі әсер қалдыратын нәтижелерді атап өтті. "4 күн ішінде әскери қызметшілердің тазарту бойынша жұмыс жүргізіп, адамдарды үйге қайтара алғандары әрине үлкен жұмыс".
Американдық сарапшылардың айтуынша, мұндай оқиғаларды алдын ала білу мүмкін емес. Орын алуы да ғажап емес. Қауіп-қатерді барынша азайту үшін оқ-дәрілерді сақтау мен дұрыс басқару жөніндегі жұмыстардың, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау жүргізілуі ықтимал. Ол кез келген оқ-дәрілерді сақтау әрқашан қауіппен байланысты болып келетінін атап өтті. Ал төтенше жағдайлар бүкіл әлемде жиі түрде болып тұрады. Алайда, әскери қызметшілерде өздігінен жұмыстарды жүргізу үшін әркез қажетті тәжірибелері, білімдері немесе жабдығы бола бермейді.
"Аталмыш операцияны алар болсақ, мен қазақстандық әскерилер аумақты тазарту бойынша керемет жұмыс орындап жатқандарын байқап отырмын және менің Үкіметке берер басты ұсынымым әскерилерге уақыт және барлық қажеттіні беріп, оларды асықтырмау. Сол кезде барлығы жасалады. Асығуға болмайды! Бұның маңыздылығын қайта бағалауға болмайды. Үкіметтің қолдауымен баяу және қауіпсіз олар барлық тазарту жұмыстарын жүргізеді. Әскерилер барлығын дұрыс жасап жатыр", - деді ол.
Проблемалық сәттер арасында сарапшылар тобы қоймалар аумағына азаматтық құрылыстардың жақындығын ааатап өтті. Олардың тәжірибесі бойынша бүкіл әлемде жиі факті болып табылады және бұған қарсы тұру қиямет қайым. Соған қарамастан, превентивтік жұмыстың жоғары нәтижесі атап өтілді.
"Бұл жерде барлығы жақсы ұйымдастырылған, барлық сақтау орындарының айналасында топырақ бар, ешқандай шөп жоқ. Үлкен превентивтік жұмыс көрініп тұр. Аталмыш аумақ айналасындағы құрылыстарды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың біршама бөлігі жүргізіліп те қойды және адамдар әдеттегі өмірлеріне оралғанын көріп отырмын. Бұл басты басымдық. Адамдар тұрып жатқан қаланы тазартып та қойды. Ал қоймалар орналасқан техникалық аумақты біртіндеп тазартуға болады", - деді сарапшы.
Американдық мамандар қатысқан ұқсас операциялар арасында қиранды ауқымы адамдарға өз үйлеріне оралуларына мүмкіндік бермеген, сондай-ақ ТЖ аз ауқымы кезінде оқ-дәрілерді тазарту мен жою бойынша жұмыс 8-ден аса айды құраған Болгариядағы, Конго Республикасындағы салдарды жою бойынша жұмысты айтып өтуге болады. Ол жерде екі қайғылы оқиғадан кейін болгарлық әскери қызметшілер жеке меншік аумақтағы жұмыстардан толық шеттетілді.
Одан басқа, Марк Тобайос бұл жұмыс адами ресурспен жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.
"Атамыш жұмыстарда робот техникалық құралдарды пайдалануға болмайды. Мұның барлығы қауіпті жарылғыш және кез келген ықпал етуге сезімтал. Роботтар оқ-дәрілердің ара-жігін ажырата алмайды және олардың қауіпті жарылғыш деңгейін бағалай алмайды. Сондықтан олар бірдей болып көрінгенімен, тек адам ғана оларды шығару немесе шығармау туралы шешім қабылдай алады. Мұндай үлгідегі жұмысты дұрыс әдістеме бойынша жақсы оқытып-үйретілген адамдар орындауы тиіс. Бұл жерде робот техниканы пайдалану мүмкін емес", - деді сарапшы.
Видеоны мына жерден көре аласыз.