"Кремль Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мұрагері туралы ойластырып жатқан жоқ, қазір қауырт жұмыс жүріп жатыр, сайлауға дейін әлі алыс", - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлады РИА Новости.
- Сіз президенттік сайлауға әлі көп уақыт бар деп дұрыс айттыңыз. Біз президенттік циклдің әлі бастапқы кезеңінде жүрміз. Сондықтан қазір бұл туралы ешкім ойланып жүрген жоқ, қазір барлығы, өзіңіз куә, қауырт жұмыстармен шұғылдануда, - деді Песков "Путин ізбасары ретінде қарастырған адамы қанша" деген тілші сұрағына берген жауабында.
"Ресей Федерациясының президенті жұмысын тастау үшін қандай да бір жас шамасын қарастырады ма" деген сұраққа Песков: "Президенттің жұмысы бізде конституциямен реттеледі", - деп жауап берді.
- Жоқ, ол қандай да бір жас айырмасына емес, конституциялық заңдылықты сақтауға басымдық береді. Сіздер негізгі заңның тиісті баптарын жақсы білесіздер, - деді ол.
Владимир Путин алғаш рет 1999 жылдың 31 желтоқсанында Ресей Федерациясының Президенті болды. Ол Борис Ельциннің мерзімінен бұрын отставкаға кетуіне байланысты Ресей Федерациясы Президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2000 жылы 26 наурызда ол Ресей Федерациясының бірінші сайланған президенті болды. 2004, 2012 және 2018 жылдары Путин Мемлекет басшысы қызметіне қайта сайланды. 2012 жылғы сайлауға дейін президенттік мерзім конституциялық түрде 4 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.