Президент "Алматы – 2050" даму стратегиясымен танысты

Ақорда
Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы – 2050" даму стратегиясының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

– Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласының "Көкқайнар" ықшам ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды