Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, өңіріне "Алтын жұлдыз" медалін тақты

Ақорда
– Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының "Алтын жұлдыз" айрықша ерекшелік белгісін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

– Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Қазақстанда инфляция қашан 5%-ға дейін төмендейді: Ұлттық банк болжамы

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады