Бұл монтаж – Мәнізоровтың адвокаты "Услугам үшін 30 сотық туралы"

Ол видеода "услугам үшін 30 сотық алдым" деген Мәнізоровтың сөзі бар.

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров түсірілген қысқа видео тарап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол видеода "услугам үшін 30 сотық алдым" деген Мәнізоровтың сөзі бар.

Алайда Бағдат Мәнізоровтың адвокаты Алмас Демесінов бұл видеоны монтаж деп отыр.

- Видео Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде түсірілген, ондағы сөздер контекстен жұлып алынған. Ол видеоның пайда болуы мен желіде тарауына қатысты тиісті арыз жазамыз. Видеода жер телімін қайта рәсімдеу қызметі туралы айтылады. Мәнізоров қызмет ақысы заңгер Шалов Н.-ге төленуі тиіс болғанын айтады, Шалов та бұл істің фигуранты және оның Бағдат Мәнізоровқа қатысы жоқ. Алайда арыз берушілер ешқандай ақы төлемеген. 30 сотық жерге Мәнізоровтың еш қатысы жоқ. Бұл видео Бағдат Мәнізоровтың абыройын төгу үшін әдейі құрастырылған. Меніңше, соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы қоғам пікіріне ықпал ету жағдайлары көбейіп кетті. Мұндай монтаждалған заңсыз ақпараттарды желіге таратуға байланысты мемлекеттік реттеу тетігін әзірлеу керек, – деді Алмас Демесінов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: