Семейдегі әуежай мен мектеп Абайдың құрметіне аталатын болады

Инфоцентр ВКО
Өскелең ұрпақ тарихта ойып алар орны бар тұлғаларды танып, еңбектерін біліп, есімдерін мәңгі құрметтеулері тиіс.

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Семей қаласының халықаралық әуежайы Ұлы Абайдың есімімен аталатын болады. № 49 мектеп те ақынның құрметіне берілмек. Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды. Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді. Сондай-ақ, оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болады. № 2 орта мектеп- Қаныш Сәтпаев атына, №3 мектеп - кешен-Мұхтар Әуезов атына, №34 мектеп аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының құрметіне, №37 мектеп-гимназиясы- Ыбырай Алтынсарин есіміне, №39 мектеп- Әлихан Бөкейханның атына, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов атына, Пригород орта мектебі- Жүсіпбек Аймауытовтың құрметіне берілмек.

Бұл еліміздің дамуына үлес қосқан белгілі қазақстандықтарға құрмет болып табылады. Өскелең ұрпақ тарихта ойып алар орны бар тұлғаларды танып, еңбектерін біліп, есімдерін мәңгі құрметтеулері тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған