Дариға Назарбаева Армен Саркисянмен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Сенат төрағасы ЕАЭО елдері кәсіпкерлері мен инвесторларының Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына ашылатын мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара келіп, армян кәсіпкерлерін "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптардың "Astana Hub" халықаралық технопаркінің жұмысына шақырды.

Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Арменияға ресми сапары аясында Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында туризмді, ақпараттық технологияларды, көлік-логистика әлеуеті және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

Сенат төрағасы ЕАЭО елдері кәсіпкерлері мен инвесторларының Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына ашылатын мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара келіп, армян кәсіпкерлерін "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптардың "Astana Hub" халықаралық технопаркінің жұмысына шақырды.

Президент Армен Саркисян өз кезегінде Сенат төрағасының екі ел кәсіпкерлерінің өзара іс-қимылын кеңейту жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді және бүгінгі таңда Қазақстан мен Армения ынтымақтастық әлеуеті толық көлемде пайдаланбай келе жатқанына тоқталды. Президенттің айтуынша, кем дегенде әріптестіктің бірнеше бағытына серпін беруге мүмкіндік бар. Ол тамақ қауіпсіздігін (тамақ өнімдерін өңдеу және тасымалдау), қаржыны басқару және бірлескен мәдени шараларды қамтиды.

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары бойынша бірлескен жұмыс топтарын құруға уағдаласты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты