Әскери қызметшілер дабыл бойынша іс-қимылдарды пысықтады

пресс-служба МО РК
Бөлімше толықтыруды қарсы алу пунктінің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын, жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылдың қалай жүргізілетінін пысықтады.

Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді. Әскери қызметшілер бөлім кезекшісінің іс-қимылынан бастап жауынгерлік техниканың шығуы жайлы іс-қимылды орындады.

Әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министріне кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдарын, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыруды, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беруді, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алып тастау тәртібін және жауынгерлік техниканың тұрағынан шығуын көрсетті.

Бөлімше толықтыруды қарсы алу пунктінің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын, жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылдың қалай жүргізілетінін пысықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 – 21 қараша аралығында Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Бұл түрлі пішіндегі іс-шаралардың жиынтығы. Атап айтқанда, командалық-штабтық әскери ойын, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, дәрістер және тактикалық лездемелер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты