Парақор отандастарымыз барда әскер билеті 35 мың теңгеге сатылады

zakon.kz
Елде тағы бір топ әскери қызметші жемқорлық үшін жауапқа тартылуда.

Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын (тұрмыстық жемқорлық) жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлық қызметімен майор, Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдіктелуде.

Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б.Алиев өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, әскери шенінен айыра отырып, 800 мың теңге айыппұл төлеу жазасымен сотталды.

Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы азаматтың ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденгені үшін күдікті болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды