"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы төрағасы жаңадан тағайындалды

primeminister.kz
Ол биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарған.

Ержан Еркінбаев "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жылдар аралығында "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары – "Медеу" спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды.

Биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты