Мамин "Росатом" корпорациясының басшысы Лихачевпен кездесті

primeminister.kz
Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады.

Асқар Мамин "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Асқар Мамин.

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: "Заречное" БК" АҚ, "Қаратау" ЖШС, "Ақбастау" БК" АҚ, "ОТХК" БК" ЖШС, "Хорасан-U" БК" ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8%), осы жылдың 9 айында – 6645,8 тонна уран өндірді.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уранды өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен Төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды