Н.Нығматулин: Қазақстанның тұрақты дамуы – Елбасының ерен еңбегі 

Мәжілістің баспасөз қызметі
Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес және тарихи кезең.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқын ортақ мақсатқа біріктірген көреген саясатының жемісі, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан "Президентттік институт: қазақстандық модель" конференциясын ашқан Мәжіліс Төрағасы жыл сайын Президент күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан бұл конференция бүгінде тәуелсіз Қазақстанның жеткен табыстары туралы халықаралық деңгейде диалог құратын ерекше форумға айналғанын айтты.

Н.Нығматулин атап өткендей, алдағы жылы біздің елімізде Президенттік басқару институтының құрылғанына тура 30 жыл толады. Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес және тарихи кезең.

- Осы 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, біздің Қазақстанымыз аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы - Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын әрі қарай жүзеге асыруда,- деді Н. Нығматулин өз сөзінде.

Конференция жұмысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Монғолия, Сербия, Татарстан, Түркия елдерінің парламент өкілдері қатысуда.

Сонымен қатар, форумға БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, ҰҚШҰ халықаралық ұйымдар мүшелері, АҚШ, Швеция басқа да шетелдік сарапшылар келген.

Конференция жұмысы екі панельдік сессия бойынша өтеді. Тақырыптары: "Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы", "Ақорда: көпвекторлы бағыт".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты