Қызылорда облысы ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара үшін сотталды

zakon.kz
Ол бағынышты қызметкерден қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 132 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған.

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған «Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бағынышты қызметкерден қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 132 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған.

Ағымдағы жылғы қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды