Неміс тарапының шақыруымен Nur Otan партиясының делегациясы екі күнге жалғасатын Германия канцлері Ангела Меркельдің партиясы - Христиан-демократиялық одағының жалпыұлттық съезіне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Германия сенімді серіктестер болып табылады, соның арқасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамуда. 2018 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық 5,9 пайызға артып, 5,1 миллиард евроға жетіп, тарихи көрсеткішті айқындаған. Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып табылады және екіжақты сауданың жалпы көлемі ГФР-дің аймақ елдерімен сыртқы сауда операцияларының жалпы көлемінің 85% құрайды.
Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Бундестаг төрағасының орынбасары Ханс-Петр Фридрихпен, сондай-ақ Христиан-демократиялық одақ партиясы мен Қазақстандағы Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездескен болатын.
Тараптар сайлау науқаны кезінде ұтымды пайдаланған, сөйтіп ол партия ішіндегі демократияны белсенді дамытқан ХДО-ның партиялық ұйымдастыру процедуралары мен тәртібін талқылады. Сайлау кезінде, сол секілді сайлау аралық кезеңде партияның жаңа көшбасшыларының рөлі мен іс-қимылы мәселесі бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Христиан Демократиялық Одағы 1945 жылы Германия үшін қиын уақытта құрылды, ол қоғамды біріктіре алды және елдің дамуына мүлдем жаңа серпін берді. Конрад Аденауэр - Германияның Федералды канцлері және ХДО партиясының алғашқы төрағасы. Оның аты Германиядағы демократиялық өзгерістермен, еуропалық бірлік туралы көзқараспен және әлеуметтік нарықтық экономикаға бағытталған жаңашылдықпен байланысты.