Түркістан қаласындағы орталық емханада өңірдегі жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың жұмысын жақсарту мақсатында семинар-кеңес өтті. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада бастапқы медико-санитарлық көмек мәселелері талқыланды.
Семинар барысында елімізде ашылған Бастапқы медико-санитарлық көмек ұлттық қауымдастығының директоры Роза Абзалова мен қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген мамандар әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен қоғамдағы рөлін күшейту мәселелерін сөз етті.
Халық арасындағы негізгі әлеуметтік мәселелерді анықтау мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жайын баяндады. Бастысы, Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" бағдарламасы мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Жолдауында көрсетілген тапсырмалар аясында атқарылуы тиіс жұмыстар барысын үйретті. Облысымыздын денсаулык саласындагы Әлеуметтік қызметкерлердің түрлі саладағы өзекті мәселелерге араласып, белсендігілі күшейтіп отырғанын жеткізді. Өйткені қазір бұл қызметкерлер халықпен етене жақындасып, жанашырлық танытып жүр. Олар қоғамда әлеуметтік маңызы бар өзекті проблемаларды анықтап, ведомствоаралық жұмыстарын күшейту арқылы тұрмысы төмен отбасыларға дер кезінде көмек көрсетіп келеді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж, жалғызбасты отбасыларға қол ұшын созу немесе көпбалалы аналарға көмек беру үшін қолдан келген шараларды жасауда. Аз қамтылған жанұялардың жағдайларын басты назарға алып, ондай отбасыдан шыққан балалардың мектептерде ыстық тамақпен қамтылуына үлес қосуда.
Шара барысында мамандар Түркістан қаласындағы емханадан ашылған "Адалдық алаңы" моделі негізінде тәжірибе жұмыстарын көрсетіп, оны өзге өңірлерде жүзеге асыру керектігін сөз етті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасы және Бастапқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастырудың 2019 жылғы жол картасы талабында міндеттелген тапсырманың орындалуы аясында ашылған алаңда науқастарға қажетті біріктірілген медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі. Бір ғана алаң арқылы кез-келген азамат барлық керек қызметтерін алып, қаншама уақытын үнемдей алады. Мәселен, тұрғындар емхананың әкімшілік бөлімі мен басқа да мамандарды әр қабаттан емес, осы алаң арқылы таба алады. Науқастарды порталға қою, тіркеуге тұру немесе ауруханаға жату бөлімін, өзін өзі қызмет кеөрсету орталығы мен әлеуметтік-психологиялық көмек, оларға қолдау көрсету орталықтары, отбасылық және кеңестік дәрігерлерге бір алаң арқылы жүгініп, сол жерде қажетті көмегін алып кете алады.
Басқосу барысында тренерлер осындай алаңдардың әлеуметтік жұмыстарды жеңілдетіп, тұрғындарға тиімді болатын тұстарын атап өтті. Айта кетейік, дәл осындай алаңдар бүгінде Сарыағаш, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Отырар сияқты бірқатар аудандар мен Асық ата кентіндегі емханалардан ашылып отыр. Семинар соңында еліміздің басты қалаларынан келген мамандар емхана қызметкерлерінің сауалдарына толыққанды жауаптарын беріп, басқосудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.