Келесі жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкент қаласы болып бекітілді

Баспасөз қызметі
"Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы" іс-шарасының ашылу рәсімі 2020 жылдың 3 сәуіріне белгіленген.

Шырайлы Шымшаһар келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып бекітілді. Биыл бұл мәртебелі атақты абыроймен атқарған Беларусь Республикасының Брест қаласы Шымкент қаласына эстафетаны ресми түрде табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен жиынға еліміздің үшінші мегаполисінен делегацияны Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барды. Шара аясында ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының отырысы өттті. Онда достастықтың мәдени астанасы ретінде атқарылған жұмыстар сараланып, оның қорытындысы талқыланды.

Салтанатты шара Брест қалалық атқарушы комитеті төрағасының делегаттарды арнайы қабылдауымен аяқталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы мәдени астана жылына үлкен дайындық жасауда. Бір жыл бойына 30-ға жуық негізгі шаралар өтеді деп жоспарланған. Оның ішінде түрлі көрмелер мен фестивалдер, өнер жұлдыздарының концерттері мен ұлттық танымдық кештер және ТМД елдерінің цирк шеберлерінің қойылымдары өтеді. Ал "Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы" іс-шарасының ашылу рәсімі 2020 жылдың 3 сәуіріне белгіленген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды