Сенатта оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заң жобасы қаралды

Ж.Құспанов
Заң жобасы сенаторлардың түзетулерімен Мәжіліске жіберілді.

Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Нұрлан Қылышбаев талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындағанын атап өтті.

Онда төмендегідей түзетулер бар:

- Азаматтық кодекс пен "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өздеріне қатысты оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін адамдарды, яғни дара кәсіпкер ретінде тіркелген борышкерді айқындайтын ережелерін сәйкес келтіру, сондай-ақ дара кәсіпкер үшін ықтимал құқықтық салдарды көрсету;

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін "Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық" деген жаңа 104-1-баппен толықтыру. Заң жобасымен бұл нормалар "Бюджет қаражатының қалдықтары" деп аталатын 104-бапта көзделген, ол көрсетілген нормалардың реттеу нысанасы болып табылмайды;

- мамандандырылған соттардың азаматтық істерінің қарауына жататындығын нақтылау;

- салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін белгілеу бойынша олқылықты болдырмау;

- "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңын "Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау" деген жаңа 49-1-баппен толықтыру;

- дара кәсіпкер – жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

- қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасау кезінде заңнамалық олқылықты болдырмау;

- кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізу тәртібін өзгерту бөлігіне түзетулер ұсынылды.

Сонымен қатар жоба баптарының ережелерін үйлестіретін, сондай-ақ заң техникасы қағидаларына байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді.

Заң жобасы сенаторлардың түзетулерімен Мәжіліске жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті