Хоккей ойыны кезінде қақпашының аяғынан қан атқылап, мұз айдын қып-қызыл болды

видеодан алынды
Кейін белгілі болғандай, шайбаға талас кезінде шабуылдаушы қақпашының аяғын конькиімен басып кеткен.

Канадада "Ниагара" мен "Лондон" хоккей командалары кездесуінде 17 жастағы "Ниагара" қақпашысы Тейн Такер ауыр жарақат алып, ойын сол арада аяқталды. Матч Онтарио хоккей лигасы аясында өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жантүршігерлік көрініс ойынның екінші кезеңінің басында орын алды. Қарсы тараптың шабуылдаушысымен бетпе-бет қатты соқтығысқан қақпашыТаклер өз қақпасы алдында омақаса құлады, қанша рет тұруға тырысқанмен ол сүйретіліп қайта-қайта құлай берді.

Дәрігерлер бірнеше минут бойына оның аяғынан атқылаған қанды тоқтата алмаған. Ал видеодан хоккейшінің аяғынан сауғалаған қан мұз айдынына тез жайылып кеткенін көруге болады. Кейін белгілі болғандай, шайбаға талас кезінде шабуылдаушы қақпашының аяғын конькиімен басып кеткен.

Такеруге шұғыл түрде ота жасалды, оның қазір жағдайы тұрақты.

Осы оқыс оқиғадан кейін ойын кілт тоқтатылды. "Ниагара" турнир кестесінде - 14-орында, "Лондон" - төртінші сатыда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді