СІМ Египеттегі елшілік қызметкерінің қазасын растады

ctc-rk.kz
Министрлік 18 желтоқсанда елшілік қызметкерінің қазасына қатысты толық ақпарат беру үшін брифинг өткізбек.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қаза болғанын растады.

Бұл туралы 17 желтоқсанда министрлік өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады azattyq.org.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жолдасовтың жақындағы оның Каир қаласында қаза тапқанын айтқан.

Туыстарының естуінше, "оның денесі өзі тұрып жатқан үйдің алдынан табылған. Арқасы қанаған, мойнында арқан болған". Жолдасовтың туыстары "ол өз-өзіне қол салды" деген ақпарат алғандарын, мұнымен келіспейтіндерін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Египет прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Министрлік өкілдері тергеуге қатысу үшін Египетке кеткен.

Министрлік 18 желтоқсанда елшілік қызметкерінің қазасына қатысты толық ақпарат беру үшін брифинг өткізбек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев