"Қазатомөнеркәсіп" әкімшілік жауапкершілікке тартылды

privatization.gov.kz
Табиғи уранның ірі өндірушісі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті уран экспорты мен импорты бойынша оператор мәртебесіне ие "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК» АҚ-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында табиғи уранды жөнелту, персоналды оқыту және физикалық қорғау жоспарының болуы кезінде уәкілетті органды уақтылы хабардар етпеу бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, әкімшілік жаза қолдану қаралды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді