Сенаторлар ҚР Жоғары сотының судьяларын жаңадан сайлады

shkolazhizni.ru
Сондай-ақ отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың екі судьясы қызметінен босатылды.

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенаторлар Жоғарғы Соттың судьяларын сайлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Төлебай Қожан мен Бағлан Мақұлбеков отставкаға кетіп, Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды.

Сонымен Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Сембек Баймаханов, Вячеслав Салий, Ботагөз Ералиева, Есенбай Боранбаев, Арыстанбек Ыстыбаев сайланды.

- Жоғарғы Соттың екі судьясының отставкаға кетуі зейнет жасына жетуімен байланысты. Сот жүйесіндегі жұмыс барысында Қожан мен Мақұлбеков беделді және тәжірибелі судья екендіктерін дәлелдеп, құрметті еңбек демалысына кетті, - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Ол сайлауға түскен бес үміткер де сот ісінде үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар екенін баса айтты. Үміткерлердің төртеуі облыстық соттардың судьялары болса, сонымен қатар үшеуі облыстық сот алқасының төрағасы ретінде жұмыс тәжірибесіне ие.

- Ұсынылған кандидаттардың екеуі азаматтық-құқықтық мамандандырылған судьялар, ал үшеуі қылмыстық істер бойынша айтарлықтай тәжірибеге ие. Барлық үміткерлер ісіне жауапты және лауазымды жұмысқа дайын, - деді Донақов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді