Қазақстанның әуекомпанияларына тиесілі ұшақтар шиеленіс ошағы - Таяу Шығыс арқылы ұшуды тоқтатқан жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Иранның Ирактағы АҚШ әскери базаларына зымыранмен соққы бергеннен кейін Ақ үй өзінің әуе компанияларына Таяу Шығыс көгінде ұшуға тыйым салды. Қазақстан, әзірге мұндай тыйым түрін қолданған жоқ.
- Таяу Шығыс елдері арқылы ұшуға тыйым салынған жоқ. Ондай жоспар болған да емес. Егер мұндай шешім қабылданатын болса, біз алдын ала хабарлаймыз, - деді комитеттің баспасөз қызметі.
Air Astana әуекомпаниясы да ұшуға тыйым салу мүмкіндігі туралы ақпаратты растамады. Дегенмен Қазақстан ұшақтары 2018 жылдан бері Иран астанасы Тегеранға ұшпағаны нақтыланды.
Алайда Иранның Mahan air әуекомпаниясының Алматы бағытында тұрақты рейстері бар. Компанияның сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейстер айына төрт рет, аптасына бір рет жасалады.
Келесі "Тегеран – Алматы" рейсі осы жылдың 13 қаңтарына 6: 45 сағатына (Тегеран уақытымен) белгіленген, Алматыдан кері рейс сол күні 14: 00 уақытына (жергілікті уақытпен) жоспарланған.