Президент Тоқаевтың инста-парақшасына 1 млн адам жазылды

Ақорда
tokayev_online парақшасы осы уақытқа дейін 60 пост жариялапты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Instagram желісінде ашылған парақшаның жазылушылары саны 1 млн-ға жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жетістікті мақтан етіп, болған жайдың скриншотын өз парақшасына Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли салып қойды.

Айта кетерлігі, tokayev_online парақшасы осы уақытқа дейін 60 пост жариялапты. Өзі ешкімнің парақшасына жазылмапты.

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын іске асыру барысында халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөледі. Тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарау үшін Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Бүгінде оған 6673 өтініш келіп түскен.
Қасым-Жомарт Тоқаев брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын жиі өткізіп, отандық және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп тұрады. Сонымен қатар Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді қолданады.
2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасына жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Президент 9 ай ішінде өз парақшасында ресми шаралардан, кездесулер мен сапарлардан 60 пост жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген суреттер мен бейнероликтер жариялауды да жоспарлап отыр, - деп жазды Берік Уәли.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыру барысында халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөледі. Тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарау үшін Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Бүгінде оған 6673 өтініш келіп түскен. Қасым-Жомарт Тоқаев брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын жиі өткізіп, отандық және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп тұрады. Сонымен қатар Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді қолданады. 2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасына жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Президент 9 ай ішінде өз парақшасында ресми шаралардан, кездесулер мен сапарлардан 60 пост жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген суреттер мен бейнероликтер жариялауды да жоспарлап отыр. @tokayev_online ---------------------- @akordapress Открытость и готовность взаимодействовать с обществом – важная особенность политического стиля Касым-Жомарта Токаева. Глава государства, реализуя концепцию «слышащего государства», особое внимание уделяет обратной связи с населением. Для оперативного рассмотрения обращений граждан была запущена Виртуальная приемная Президента Казахстана, в которую поступило 6673 писем. Касым-Жомарт Токаев регулярно проводит брифинги и пресс-конференции, дает интервью отечественным и зарубежным СМИ. Он активно использует в своей работе такие социальные сети, как Twitter и Instagram. На днях число подписчиков Instagram-аккаунта Главы государства, открытого 1 апреля 2019 года, превысило один миллион человек. За 9 месяцев на личной страничке опубликовано 60 постов, посвященных его официальным мероприятиям, встречам и поездкам. Касым-Жомарт Кемелевич планирует опубликовать на своей страничке и неофициальные фотографии, видеоролики. @tokayev_online @akordapress

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты