Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі екі айға қамауға алынды

ru.forexmagnates.com
Оның орынбасары да қамауға алынды.

Алматыда сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша экс-әкім Рахмарден Рыспаев ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу сотының шешіміне сәйкес, күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы жарияланды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Оның орынбасары да қамауға алынды.

Алдында Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жемқорлық деген күдігімен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімін, оның орынбасарын, сондай-ақ осы аудан әкімдігі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ұстағаны хабарланған болатын.

Олар 2019 жылы "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген ауқымды бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары мердігер ұйымның өкіліне "жасалмаған жұмысты жасалды" деп жалған акті толтырғаны және жалпылай қолдау көрсеткені үшін 500 мың теңге көлемінде параны банк картасына аудартып алу фактісі бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент