Түрмедегі ұлына қамқорлық үшін әкесінен 400 мың пара алды

zakon.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті бастығының орынбасарына 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына қолайлы жағдай туғызған және жалпы қамқорлығы үшін "Qiwi" электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ "Әділет майоры" арнайы шенінен айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты