Каспийде теңіз шекарасын бұзған Әзірбайжан азаматтары ұсталды

"Сезоны года"
Қолдарын көтеріп қайықтан шекарашылар кемесіне көтерілгендер 1971, 1975, 1978 және 1983 жылғы Әзірбайжан азаматтары болып шықты.

2020 жылдың 21 қаңтарында, сағат 23.05 шамасында Каспий теңізіндегі Адамташ бұғазының оңтүстік-шығысында (жағалаудан 8,4 миль қашықтықта) теңіз шекарасын күзетіп жүрген "Сарбаз" шекарашылар кемесінің радиолокациялық құрылғылары белгісіз жүзу құралын байқаған, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарашылардың ультрақысқа толқынды халықаралық радиостанция арқылы жолдаған сауалдарына ешқандай жауап болмағандықтан, шекарашылар кемесі нысанаға жақындап келіп, оның "Байда" типтес шағын жүзу құралы екендігін анықтаған. Жарық және дыбыс беру құрылғыларын іске қосып, тоқтауды талап еткен шекарашыларға мойын ұсынбастан, белгісіз "Байда" ашық теңізге қарай қаша жөнелді. "Сарбаз" шағын, жүрдек қайықты қуып жетіп, тоқтауға мәжбүрледі. Қолдарын көтеріп қайықтан шекарашылар кемесіне көтерілгендер 1971, 1975, 1978 және 1983 жылғы Әзірбайжан азаматтары болып шықты.

Олардың үстілерінен "Мемлекеттік шекараны қасақана бұзғандығы үшін" Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 392 бабының 1 бөлігі бойынша іс қозғалатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті