Президенттің жастар кадр резервінің өкілі лауазымды қызметке тағайындалды

ҚР ИИДМ
Өтепов Ардақ Төлтайұлы 1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген.

Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ардақ Өтепов бұған дейін "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Өтепов Ардақ Төлтайұлы 1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген.

Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және АҚШ-тың Калифиорния университетін тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2010-2011 жылдары басқарма сарапшысы, сосын 2014 жылға дейін халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды.

2014-2018 жылдары "Қазаэронавигация" РМК стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөліміне басшылық етті.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Қазаэронавигация" РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді