"Сыра королі" Төлешовтен қалған мүлік сатуға қойылды

ҚР ҰҚК
Аукцион ағылшын тәсілімен жүреді. Сатылым 6 ақпан күні сағат он бірде басталады.

Сотталған олихарх Тоқтар Төлешовтен қалған дүниенің бір парасы сатуға қойылды. Gosreestr.kz сайтында оның қандай дүниелері сатуға шығарғаны жария болды, деп хабарлайды zakon.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Сатуға төрт нысан қойылыпты. Оның ішінде 5 гектардан аса жерімен "Фосфорник" мәдениет үйі, 335 және 59,9 шаршы метр болатын екі үй бар. Сондай-ақ, көлемі 1307,3 шаршы метр болатын тағы бір нысан көрсетілген.

Аукцион ағылшын тәсілімен жүреді. Сатылым 6 ақпан күні сағат он бірде басталады.

Естеріңізге салайық, ел арасында "сыра королі" деген атқа ие Тоқтар Төлешов «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қинады, адам өлтірді» деген айыппен 21 жылға сотталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды