Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті

ҚР Тұңғыш Президентінің сайты
Қазақстанның даму деңгейі де мені тәнті етті - Помпео.

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Майк Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президентіне АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебіздерін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуа бағытталған бірлескен күш-жігер мен қабылданған шараларды атап өтті.

– Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде біз "Шеврон" компаниясымен келісім жасадық. Осы сәттен бастап Қазақстанға американдық инвестициялар келді. Бүгінгі таңда бізде 410 бірлескен кәсіпорын бар. Американдық инвестициялардың көлемі 45 миллиард доллардан асты, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Майк Помпео Қазақстанға сапары және келіссөздердің нәтижелері туралы айтты.

– Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның Сыртқы істер министрімен маңызды кездесулер мен келіссөздер өткіздім. Сіз Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан досысыз. Елдеріміздің арасында өзара тиімді серіктестік қалыптасқан. Қазақстандағы оң өзгерістер Сіздің жеке еңбегіңіз деп білемін. Елдің даму деңгейі де мені тәнті етті, - деді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін