"Құдаймын" деген қырғыз азаматы Қытайға коронавирусты неге жібергенін айтты

кактусмедиа
Әбділдаев: "Қытай қырғыз халқының ұлылығын мойындап, өз қателігін түземейінше, коронавирусты жеңе алмайды", - дейді.

Өзін "Құдаймын" деген қырғыз Арыстанбек Әбділдаев "Қытайға коронавирус жіберген мен едім деп жатыр", деп хабарлайды zakon.kz Қырғызстанның NextTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айутынша, Қытай Қырғызстанға 4 миллиард доллар қарызын кешірмеген, сондықтан олар қарғысқа ұшырады-мыс. Бірақ бұл індетті жеңудің бір жолы бар. Әбділдаев: "Қытай қырғыз халқының ұлылығын мойындап, өз қателігін түземейінше, коронавирусты жеңе алмайды", - дейді.

Арыстанбек Абдылдаев - 2011 жылғы президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысқан қырғыз саясаткері әрі бизнесмен. Ол қыс деген болмайды, ал Батыс су астында қалады деп сәуегей болжамымен елді дүрліктірген. Ал жақында ол өзін "Құдаймын" деп жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты