Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тест-жүйе жеткізілді

РИА Новости / Илья Наймушин
Еуразия аймағы елдеріне тест-жүйені жеткізуді Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен Роспотребнадзор жүзеге асырады.

Ресей Қазақстанды коронавирусты анықтайтын тест-жүйемен қамсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz Ростпотребнадзорға сілтеме жасап.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың әл-ауқатын қадағалау жөніндегі Федералды қызмет Еуразиялық экономикалық одаққа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге жаңа коронавирустық инфекцияның тасымалдануы мен таралуына жол бермеу мақсатында көмектесу үшін жаңа коронавирус -2019-nCoV үшін жасалған зертханалық диагностикалық құралдарды ұсынды. 2020 жылы 1 және 2 ақпанда 2019-nCoV анықтау үшін ресейлік тестілеу жүйелерінің қажетті көлемі Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Өзбекстан Республикасына жіберілді. Қырғызстанға және Тәжікстан Республикасына енді жолданады. Еуразия аймағы елдеріне тест-жүйені жеткізуді Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен Роспотребнадзор жүзеге асырады. Бұл көршілес мемлекеттердегі жұқпалы аурулардың қауіп-қатерімен күресу қабілетін арттырудағы қолдау шаралары болып табылады" делінген көрші елдің құзырлы ведомства хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды