Жезқазғанда жүргізуші алаяқтың құрбаны бола жаздады
видеодан кадр
Қуанышқа орай, машинада бейнетіркеуіш болған.
Келеңсіз оқиға кеше, 16:30 шамасында Жезқазғандағы Сәтбаев пен Некрасов көшелерінің қиылысында болған, деп жазады kolesa.kz.
Бейнетіркеуішке жазылған видео кадрларынан көліктің бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қиылыстан орташа жылдамдықпен өткенін байқауға болады, алайда сол сәтте оның жолын әйел адам кеседі. Бастапқыда жаяу жүргінші қардан тазартылмаған бөлу жолағында тұрады. Автокөлікті көрген ол жолдың жүргін бөлігіне шығып, абайлап жатады да, бетін қолымен жаба қояды.
Жүргізуші көлікті дереу тоқтатады. Ал "зардап шеккен" адамның қасына бір әйел мен ер адам көмекке жетіп келеді де (оңтайлы сәтті әдейі күткен бе?), әлгі әйелді көтеріп алып, жолдан алып кетеді. Азаматша дәрігерлердің көмегінен бас тартыпты. Енді оның ісімен полицейлер айналысатын болады.