ҰҚК "Жусан" арнайы операциясы аяқталғанын жариялады

tazael.kz
"Жусан" бойынша жүргізілген бес арнайы операция кезінде Ирактан 14 бала Қазақстанға әкелінді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚР Парламенті Сенаты дәлізінде журналистерге берген сұқбатында террористік белсенді аймақтардан қазақстандықтарды алып шығу бойынша арнайы операциялардың барлық кезеңі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз "Жусанның" барлық кезеңін жүзеге асырдық. Ирактан 14 баланы алып шыққанымызды білесіздер. Қазір енді ондай жоспар жоқ, өйткені біз қақтығыс аймақтарында жүрген азаматтарымызға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз, бірақ олар туралы әлі толық ақпарат жоқ. Бірақ біз алдын-ала дайындық жұмыстарын, консультацияларды өткізіп отырамыз, - деді ол.

Білісбеков Отанына оралуға ниет білдіргендердің бәрі елге кері қайтарылғанын баса айта кетті.

Кері қайтуға тілек білдіргендер, оның ішінде тіпті содырлар да бар, біз бәрін шығардық. Әрине, тиісті жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр, біз қақтығыс аймақтағы барлық азаматтарымызды, оның ішінде, ең алдымен балалар мен әйелдерді алып шығуға барынша тырысамыз. Отанға оралғандардың арасында 41 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді ҚР ҰҚК басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, тағы 114 қазақстандық террористік ошақ аймақтарында қалып қойған.

100-ден астам деуге болады - шиеленіс аймағында қалған адамдардың жалпы саны, бұл, негізінен, Сирия. Олардың ішінде шамамен 36 ер адам, шамамен 80 әйел бар, ал балаларға қатысты нақты цифрды айта алмаймын. Бұл - Сирия, Ирак, Ауғанстан, - деп сөзін түйіндеді ол.

Жалпы, ҚР ҰҚК, мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестер "Жусан" бойынша бес арнайы операция өткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды