ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мемлекеттік қызметкерлерге гүл сыйлауға бола ма, жоқ па, осы мәселені егжей-тегжей түсіндіріп берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сыйлықтарға қатысты сұрақ көп. Егер біреу гүл мен кітап сыйласа не болады? Немесе гүлді пошта арқылы беріп жіберіпті делік. Оны қабыл алса, бұл шенеуніктің беделіне нұқсан келтіреді ме - деп сұрады депутат Артур Платонов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасының таныстырылымында.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің пікірінше, бұл жайт қоғам арасында қызу пікірталас туғызған.
Ол іс жүзінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салу бұрыннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңда, мемлекеттік қызмет туралы заңда, қылмыстық және әкімшілік кодекстерде жазылғанын еске сала кетті. Алайда, тиісті департамент қолданыстағы заң жобасындағы барлық нормаларды сәйкестендіруді жоспарлап отыр.
Гүлге қатысты мәселені тағы бір қарау керек. Егер сыйлық мемлекеттік қызметкердің қызметті үшін берілсе, әрине ол парамен тең болып саналады. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асса, яғни 5 мың теңгеден сәл артық болса, онда бұған қазірдің өзінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмысына себебі байланысты болса, ол пара болады. Егер ол қандай да бір әрекетке байланысты болмаса, онда ол құқық бұзушылық ретінде қарастырылмайды, - деп жауап берді Бектенов.